Солтүстіктегі ерекше құбылыс: «Қазгидромет» түсінік берді
Табиғат құбылысы елімізде өте сирек болады
Қазақстанда поляр шұғыласы байқалды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Поляр шұғыласын күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабатындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Солтүстік шұғыла – геомагниттік белсенділіктің нәтижесі. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендігімізге тән емес және Қазақстанда өте сирек болады, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін солтүстік өңірлерде поляр шұғыласы тіркелгені хабарланған еді.