Halyq Uni логотип
×

Тұман және үсік: бүгін ауа райы қандай болады

Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі

 Халық үні 06.11.2023 | 07:32
Тұман және үсік: бүгін ауа райы қандай болады
Фото:elements.envato.com

Күннің бұзылуына байланысты Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарға ескерту жасады. 

Ертең 6 қараша Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.  

Қызылорда облысында шығыстан күшті жел соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.   

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Жетісу облысында да солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама