Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
Келесі аптада Қазақстанда телерадио хабарларын таратуды жақсарту мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты 8 қарашада теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Қазтелерадио» сайты.
Компания сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз», - делінген ресми хабарламада.
Ұйым өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.