×

Сайлау-2023: Мақтааралда 80 жастағы қария алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған

 Дастан Жұмабекұлы 05.11.2023 | 15:03
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округі Гүлістан ауылының тұрғыны, 80 жастағы қария Түрікмен Кенжеев ең алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Қария аудан әкімінің сайлауы барша аудан тұрғындары үшін маңызды екенін айтып, мақтааралдықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Түрікмен Кенжеев ақсақал 7 ұл, 3 қызынан 41 немере, 12 шөбере сүйіп отыр. Тәжік этносының өкілі осындай бейбіт елді тұрып жатқаны үшін қазақ ағайындарына алғысы шексіз екенін білдірді.

Бүгінгі сайлауда ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытуда, – деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сол сияқты әлемнің ең мықты қолкүресшісі, әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев Шардара қаласындағы №850 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Шардара ауданында 33 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-ден бастап дауыс берушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Аудан бойынша 44 109 тұрғын сайлау құқығына ие.

Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама