Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны анықталды
Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған
Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай мемлекетте болатыны анықталды. Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. ФИФА президенті Джанни Инфантино 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының Австралияның сайлауға қатысудан бас тартқанына байланысты Араб түбегіндегі мемлекетте болатынын хабарлады.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған.
Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионаты Солтүстік Американың Канада, Мексика және АҚШ елдерінде болады. Одан кейін 2030 жылғы мундиаль Африканың Марокко, Еуропаның Португалия мен Испания және Оңтүстік Американың Аргентина, Парагвай мен Уругвай мемлекеттерінде өтеді. Оңтүстік Америкада үш матч ғана болады.
Сауд Арабиясы Азия құрлығында әлем чемпионатын ұйымыдастыратын төртінші ел болғалы тұр. Бұған дейін мундиальды 2002 жылы Жапония мен Корея бірігіп өткізсе, 2022 жылы әлем чемпионаты Катарда болған еді.