5 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Елдің шығысында, орталығында антициклон жотасының әсерінен тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 5 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Елдің шығысында, орталығында антициклон жотасының әсерінен тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік шығысында желдің күшеюі болжануда.