Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында полицей әйел өз үйінің ауласынан өлі табылды

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды

 Халық үні 04.11.2023 | 23:15
Қостанай облысында полицей әйел өз үйінің ауласынан өлі табылды
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапты.

«Костанайские новости» басылымының жазуынша, марқұмның өліміне оның күйеуі күдіктеліп отыр.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қарашада таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Күдікті – марқұмның күйеуі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда жұмыс істеген. Сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар ажыраспақ болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс істеді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полиция.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама