Өндірісте іскерлік белсенділік артты

Халық үні

Жалпы көрсеткіш теріс мәнде

Фото: kaztag.kz

Қазанда іскерлік белсенділік индексі 49,6-ге дейін біршама жақсарды. Бірақ көрсеткіш әлі теріс мәнде. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды

Іскерлік белсенділік өндірісте жақсарғаны байқалады. Онда 51,6 көрсеткішпен (қыркүйекте – 49,5) оң аймаққа өтті. Құрылыста іскерлік белсенділік индексі өзгеріссіз. Көрсеткіш алдыңғы айдағыдай 48,5 күйінде қалды. Қызмет көрсету және тау-кен өндіру секторында да индекс теріс аймақта тұр. Әсіресе, қызмет көрсетуде 49,5-ке дейін (қыркүйектегі 49,1-ден) біршама ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі төмендегендіктен 48,7-ден 48,0-ге дейін түсті.

Қазіргі бизнес жағдайларды бағалауда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алайда, болашақ бизнес жағдайға қатысты оптимизм жақсара түсті. Сөйтіп, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 11,2 болды (2023 жылғы қыркүйекте – 9,5). Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Себебі бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайларын бағалау оң қалпында қалып отыр.