Halyq Uni логотип
×

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильге тағы табан тіреді

Ол Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға тиетін залалды азайту жөнінде ақылдаспақ

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2023 | 17:47
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильге тағы табан тіреді
фото: m.censor.net

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге тағы ұшып барды. Ол ел Үкіметімен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Энтони Блинкен 7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше рет шабуыл жасап, ал Израиль Газа секторына жауап шабуылын бастағаннан кейін кезекті сапарымен келіп отыр.

Блинкеннің сапары Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға тиетін залалды азайту шараларына арналған.

Ол елден кетер алдында АҚШ президенті Джо Байден де қақтығыстағы гуманитарлық кідіріс жасауға шақыру себебімен Израильден палестиналық бейбіт тұрғындарға келетін зиянды азайтуды қамтамасыз ету үшін «нақты шаралар» күтетінін айтты.

Сондай-ақ Блинкен Иорданияда да келіссөздер жүргізеді. Бұл шешім Израиль кеше кешке өз әскерінің Газа қаласын толығымен қоршап, ХАМАС содырларымен ұрыс бастап жатқанын мәлімдегеннен кейін қабылданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама