Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда 45 жастағы тұрғын автобустың астына түсіп өлді

Бұл жағдай автобустың ішіне орнатылған бейнебақылау камералары мен магнитофонға жазылған

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2023 | 17:00
Қарағандыда 45 жастағы тұрғын автобустың астына түсіп өлді
фото: Қарағанды облысының ПД

Қарағанды қаласының орталық көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан тұрғын оқиға орнында көз жұмды.

Шағын автобустың 39 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға кезінде автобуста 15 жолаушы болған, бірақ зардап шеккендер жоқ. Болған істің мән-жайы анықталып жатыр. Факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Алайда кейін жаяу жүргіншінің көлік астына өзі секіргені белгілі болды. Қайғылы жағдай автобустың ішіне орнатылған бейнебақылау камералары мен магнитофонға жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама