Бұған дейін 15 өңір елордаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді
Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алдағы демалыс күндері – 4-5 қарашаға жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады. Өйткені ауа райының нашарлауына байланысты, екі облыстың аграршылары елордаға келмейтін болды.
Еске сала кетсек, биыл жәрмеңке 2 қыркүйекте басталған болатын. Оған 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.