Halyq Uni логотип
×

Костенко шахтасындағы апат: Түркия президенті көңіл айтты

Кен орнындағы жарылыстан 46 кенші көз жұмды

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 13:10
Костенко шахтасындағы апат: Түркия президенті көңіл айтты
Фото: Telegram/Aqorda

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қарағанды облысы шахтасындағы апатқа байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдымен адамдардың өмірін қиған Қарағанды шахтасындағы жарылысқа байланысты бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтамын, - деп бастады сөзін Режеп Тайип Ердоған Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде.

Сондай-ақ Түркия президенті Шавкат Мирзиёевке рақметін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтамын. Сіздерді Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалықтың аяқталуымен құттықтаймын. Әрине, құрметті бауырым, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты осы ұйымға төрағалық етуді қабылдауымен құттықтаймын, - деді ол.

Бұған дейін елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті басталғаны хабарланған болатын.

Айта кетсек, 28 қазанда Қарағанды облысының Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Олардың толық аты-жөні жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама