×

Түркістанда жыл басынан бері 6 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған

Қаладағы әлеуметтік белсенді тұрғындар саны 78 мыңнан асады

 Халық үні 12.10.2023 | 18:15
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс орталығында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың түрлі жобалары жүзеге асып келеді. Биылғы жоспарда шаһарда 6 мың 899 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Жоспар іске асырылғалы орталықта 6 мың 109 жаңа жұмыс орны ашылып үлгерген.

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, қаладағы әлеуметтік белсенді тұрғындар саны 78 мың 171-ге жетсе, ал жұмыссыз тұрғындар саны – 3 мың 800. Сондай-ақ, мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында жүйелі жоспарлар түзіліп, межелер қойылды.

Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында жастар практикасымен 490 азамат жұмысқа жолданса, әлеуметтік жұмыс орнына 173 тұрғын, тұрақты жұмыс орнына 3 мың 551 адам орналасты. Ал, жыл басында қойылған межелердің бірқатары артығымен іске асты.

Атап айтқанда 1 мың 231 азамат қоғамдық жұмыс орнына (жоспарда 1 мың), 102 адам алғашқы жұмыс орнына (жоспарда 90), 175 тұрғын күміс жас жобасымен (жоспарда 90) жұмысқа орналасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама