67 жастағы әйел 2010 жылдан бері соттан жасырынған
Павлодарда 13 жыл іздеуде жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел уәкілдер үлкен алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған 67 жастағы әйелді ұстаған. 2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.
Күдікті әйелге іздеу жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында оны ұстады. Қазір әйел уақытша ұстау изоляторында,– деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқықбұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 126 қылмыскерге іздеу салды.