«Қар, бұрқасын, көктайғақ»: 3 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Кей уақыттарда қатты қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 3 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республика батысында, солтүстігінде, шығысында Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында кей уақыттарда қатты қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Елдің оңтүстігік жартысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.