Бокстан АЧ: әлем чемпионының інісі Төрехан Сабырхан финалға шықты
Азия чемпиондары 3 қарашада анықталады
Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалистері анықталды.
Жастар санатында Боранбек Бексұлтан (48 кг), Бахтияр Анарбаев (60 кг), Төрехан Сабырхан (63,5 кг), Нұрбек Мурсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Алдияр Абдиллаев (75 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг), Виктор Литвинов (86 кг), Нұржан Думан (92 кг), Иван Ермоленко (+92 кг) бар. Бұл санатта Қазақстаннан – 7, Өзбекстаннан – 7, Үндістаннан – 4, Жапониядан – 3, Түркіменстаннан 2 боксшы және Қырғызстан, Ирак пен Оңтүстік Кореядан бір-бір спортшыдан финалға шықты.
Жастар санатындағы Азия чемпиондары 3 қарашада анықталады.
Жасөспірімдер арасында мына боксшылар Азия чемпионы атағына таласады: 46 келі салмақта Нұғман Нығмет, 48 келіде Алдияр Баһадүр, Нұрасыл Төлебек (52 кг), Бауыржан Мұратов (54 кг), 60 келіде Асқар Қуаныш, Бекарыс Нұрмұхан (66 кг), Жасұлан Бердалы (70 кг), Жандос Алпысбаев (75 кг), Бақытжан Айтмұханов (80 кг), Бексұлтан Қайратұлы (+80 кг).
Финалға 9 мемлекеттің спортшылары жолдама алып, Қазақстан құрамасы көш бастап келеді. Онда елімізден Азия чемпионы атағы үшін 7 боксшы қолғап түйістіреді. Үндістаннан – 6, Түркіменстан мен Қырғызстаннан – 3, Өзбекстан мен Ираннан – 2 және Тәжікстан, Таиланд пен Жапониядан финалға бір-бір спортшыдан шығады.
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жастар санатындағы қыздар бәсекесінде де финалистер анықталды. 50 келі салмақтағы Элянур Тұрғанова бірінші болып финалға жолдама алды. 54 келідегі Томирис Мырзақұл да финалға шықты. Одан кейін Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Әйгерім Қабдолда (60 кг), Әсем Таңатар (63 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Азиза Исина (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Анель Қалысова (81 кг), Үміт Әбілқайыр (+81 кг).
12 салмақта сынға түскен спортшылардың арасынан тек үш елдің ғана өкілі финалда бокстасады.
Финалға Үндістаннан – 10, Өзбекстаннан – 9, Қазақстаннан 5 боксшы шықты.
Жасөспірім қыздар арасында да финалға шыққан боксшылар белгілі болды. Олар – Айым Таңқыбаева (46 кг), Сила Биболсынқызы (48 кг), Айша Сариева (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Құдайгенова ( 63 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг), Панар Сейтқанқызы (+80 кг).
Бұл санатта финалға Өзбекстаннан – 9, Қазақстаннан – 7, Үндістаннан – 7 және Тайпейден 2 боксшы жолдама алды.
Айта кететін бәр нәрсе, биылғы Азия чемпионатында жастар арасында өтіп жатқан жекпе әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан да қатысып жатыр. Ол 63,5 кг салмақта қолғап түйістіреді. Төрехан жартылай финалда Иордания өкілі Омар Әл Хадидиді жеңіп, финалға шықты.
Осыған дейін Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда Иран елінің боксшысы Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдариді мерзімінен бұрын жеңген болатын.