Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды
Қазір құс ветеринарлық емханада
Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Амангелді ауылының тұрғыны өз ауласынан сирек кездесетін құс тауып алған. Оның айтуынша, белгілі бір себептермен ол ұша алмай қалған. Табылған құс туралы табиғатты қорғау полициясына хабарлаған ер адам орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, балық және аңшылық бөлімі, сондай-ақ «Қостанай ЗООПульс» қоғамдық бірлестігінің директорымен бірге оқиға орнына барған.
Қарау барысында ұша алмай қалған құстың Қызыл кітапқа енген дала қыраны екені белгілі болды. Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарған.
Қазір құс ветеринарлық емханада.