Halyq Uni логотип
×

«Көпес Кияткин қазынасын көмген»: Қостанай орталығынан жерасты жолы табылды

Бұл жерге 19 қабатты тұрғын үй салынғалы жатқан

 Еркеғали Болатұлы 18.05.2022 | 11:30
«Көпес Кияткин қазынасын көмген»: Қостанай орталығынан жерасты жолы табылды
фото: Сергей Миронов

Қостанай қаласының орталығында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастап жатқан құрылысшылар жер қазу жұмыстары кезінде 2,5-3 метр тереңдікте көміліп жатқан кірпіштен қаланған ескі жерасты жолының үстінен шықты.

egemen.kz сайтының жазуынша, жартылай топыраққа толған тоннелдің кірпіш қабырғасына сіңген ыстың иісі әлі шығып тұр екен.

Жұрттың пайымдауынша, онда Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары жылқы тұратын шаруашылық ғимараттары, одан кейін жөндеу зауыты болған. Соңғы жылдары бұл ашық алаңқай автотұрақ ретінде пайдаланылып келген.

5 апрель көшесінің арғы бетінде көпес Кияткиннің үйі тұр. Саудагер Қазан төңкерісі кезінде қымбат асыл қазынасының бәрін осы маңайға көміпті деген аңыз бар. Дұрыстап бәрін тексеріп қараңдар! Қайдан білесің, мүмкін табылып қалар, – деп отыр құрылыс басына жиналған тұрғындардың бірі.

Сонымен, жерасты жолының нақты қашан салынғаны беймәлім. Әзірге тек ол жерге 19 қабатты тұрғын үйдің салынғалы жатқаны ғана белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама