×

Израиль америкалық бомбалармен Газа секторының босқындар лагерін жойып жіберді

Құрбандардың нақты саны әлі де есептеліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 01.11.2023 | 14:31
фото: dzen.ru

Газа секторының солтүстік бөлігінде бомбалаудың салдарынан Джабалия босқындар лагері жойылды.

Al Jazeera арнасының хабарлауынша, Газаның солтүстік бөлігінде жүздеген адам баспанасыз қалған.

Бұл ғимараттарда жүздеген қала тұрғыны тұрады. Оккупациялық авиация бұл аймақты 6 америкалық бомбамен жойды, – деді Газа ІІМ баспасөз хатшысы Ияд Әл-Базум.

Оның айтуынша, 400-ге жуық адам қаза тапқан. Жараланғандары да бар. Алайда құрбандардың нақты саны әлі де есептеліп жатыр.

Бомба Джабалия лагеріндегі 15 үйді қиратқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама