×

Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы есірткімен ұсталды

Алексей Бугаевтан жарты келі мефедрон табылды

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2023 | 15:22
Фото: Baza telegram-арнасы

Футболдан Ресей ұлттық құрамасы, Мәскеудің «Торпедо», Том қаласының «Томи» мен «Краснодар» клубының бұрынғы ойыншысы Алексей Бугаев есірткімен ұсталды. Одан жарты келі мефедрон табылды.

Краснодар қаласының милициясы экс-футболшыны 28 қазанда қаланың Калинин көшесінде ұстаған. Тексеру кезінде оның қалтасынан ұнтаққа ұқсас пакет табылған. Сараптама жасалғанда ол метилэфедрон болып шықты.

Осыдан кейін 42 жастағы Бугаевқа Қылмыстық кодекстің 228.1 («Есірткіні жасау және оны сату») бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер бұрынғы спортшы кінәсін мойындаса, ол өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір ол милицияға бағынбағаны үшін уақытша қамау изоляторында отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама