Halyq Uni логотип
×

Шетел азаматы қайталап заң бұзғаны үшін елден шығарылды

Ол елге жеке мақсатпен келген

 Динара Амантай 01.11.2023 | 10:46
Шетел азаматы қайталап заң бұзғаны үшін елден шығарылды
Фото: Halyq Uni

Шетел азаматы қайталап заң бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының мәліметінше, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы бұрын Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған.

Шетелдік азамат 17 наурызда Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатпен келіп, еңбек қызметін іске асыруға жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз, жұмысшы ретінде ЖШС-не жұмысқа орналасқан.

Сот қаулысымен кінәлі деп танылып, 63 жастағы азамат екені ескеріле отырып, оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмай, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама