Есірткімен айналысқан 23 күдікті ұсталды – ҰҚК
Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткіні жасаумен және каннабис өсірумен айналысқан фитолабораторияны анықтады.
Одан басқа, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірігіп, халықаралық есірткі трафигінің 6 жолы жойылды.
Арнайы операция кезінде 23 күдікті ұсталды, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.