Елімізде тұман түсіп, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
«Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.