Halyq Uni логотип
×

«Әйелін соққыға жыққан»: Дәулет Тұрлыхановтың інісіне сот үкімі шықты

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан

 Халық үні 31.10.2023 | 20:34
«Әйелін соққыға жыққан»: Дәулет Тұрлыхановтың інісіне сот үкімі шықты
Фото: instagram.com/kozachkov_offside

Желіде танымал әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында пайда болды. 

«Қазір Рахат ән айтпаса да, әйелін ұрады. Қазанда ол әйеліне қол көтерген, оған полиция араласуға мәжбүр болды. Сотта әйелі күйеуімен татуласты, ол жазадан құтылды. Біз Тұрлыхановтың екінші әйелі туралы айтып отырмыз, олар суретте», - делінген жазбада. 

Кейінірек Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарағанын (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабының 1-1 б.) хабарлады.

Сот биылғы қазан айында Тұрлыханов үйде болған кезде жанжал шығарып, сол кезде әйелін ұрып-соққанын анықтады.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.

«Жұбайы І. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өзара татуласуға байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Заңның талабына сәйкес, 73-2 б. (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен татуласса, сот әкімшілік жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Жұбайы Т.-мен татуласқанын ескере отырып, сот оған қатысты іс жүргізуді тоқтату және тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босату қажет деп тапты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алматының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов - депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама