Спортшы 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ атуда 5-орын иеленді
Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын алды.
Ол 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ атуда 5-орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.
Бұл – Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын.
Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады. Онда барлығы 24 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.