Мемлекет басшысы министрлікке нақты міндеттер жүктеді
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Сонымен бірге Қытайда өткен Азияда және Азия Пара ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.
Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.