×

Щучинск қаласында базар өртенді: бір адам қаза болды

Алдын ала болжам бойынша ол күзетші болуы мүмкін

 Динара Амантай 18.05.2022 | 09:38
Фото: aqmola_tjd

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 04-50-де Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимаратында өрт болды. Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы шықты.

Өрт 1700 ш.м. алаңда орын алған, ғимараттың жалпы ауданы 3000 ш.м. құрайды. 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, оттың таралуына жол бермей, екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол күзетші болуы мүмкні. Қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлер мен сынақ-өрт-техникалық зертханасы өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама