Halyq Uni логотип
×

Астанада «Brain Rain» республикалық интеллектуалдық сайысының финалы өтті

Білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге

 Халық үні 31.10.2023 | 10:20
Астанада «Brain Rain» республикалық интеллектуалдық сайысының финалы өтті
Фото: «Білім-Инновация» ХҚҚ баспасөз қызметі

Астанада «Brain Rain» республикалық интеллектуалдық сайысының финалы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шара «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорына қарасты лицейлердің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған. Сайыстың қоғамдық қор мектептеріндегі «ұстаз – оқушы – ата-ана» алтын үштік ұстанымының жемісі екендігі байқалады.

Жалпы 30 жылдық тәжірибеде БИЛ ұстаздары мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас бала тәрбиесі мен оқу үлгеріміне оңтайлы әсер ететініне куә болып жүрміз. Бұл интелектуалды сайыс арқылы мектеп тек балаларымызды ғана емес, бізді де жан-жақты дамытып жатыр. Бұл жарысқа дайындалу барысында мектепте бас қосамыз, мұғалімдерімізбен арнайы дайындаламыз, – деді қатысушы ата-ана.

200-ден астам «Білім-Инновация» лицейінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы ақтық сынға жолдама алған. Олар Астана, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалалаларынан келді. Әр команда құрамы 6 ата-анадан тұрады. Олар әртүрлі 25 сұраққа жауап берді. Бұл кезеңнен өткен қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кету керек, білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге.

Ата-аналармен қарым-қатынас әртүрлі жағдайда болады. Бұл интелектуалды жарыстар, спорттық шаралар, ата-аналардың балаларға құндылық сағаттары, балалар мен ата-аналар болып сыныппен табиғат аясына пикниктерге шығу, жақынырақ танысу мақсатында ата-ананың үйіне қонаққа бару, қалалар арасы саяхат секілді өтеді. Біз осы шаралардың білім және тәрбие беру жүйесінде көптеп пайдасын көріп жүрміз, – деді «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының бірінші вице-президенті Ержан Әубәкіров.

«Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президенті Арафат Нұрлақовтың айтуынша, «Brain Rain» интелектуалдық сайысы оқушылардың арасында да өтіп жатады. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – бұның ата-аналар арасында өткізілуі. Өйткені мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуы өте маңызды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама