Допинг дауы: қазақстандық Нора Джерутоның кінәсі жоқ

Дастан Жұмабекұлы

Жеңіл атлет ақталды

Фото: Carmen Mandato

Биыл сәуір айында допинг қолданды деп айыптылып, барлық жарыстардан шеттетілген жеңіл атлет Нора Джерутоның кінәсі жоқ екендігі дәлелденді.

Сәуір айында Нора Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетілген еді. Егер допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып беретін болған. Алайда оның допинг қолданбағаны расталды. Енді ол 2022 жылы еліміз тарихында алғаш рет жеңіп алған әлем чемпионы атағын өзінде қалдырады.

Нора Джеруто Кенияның тумасы. Толық аты-жөні – Нора Джеруто Тануи. Ол 1995 жылы 2 қазанда Кения Республикасының Койбатек округінде фермерлер отбасында туған. Спортшы 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруге машықтанған. 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Жеңіл атлет Шығыс Қазақстан облысы атынан елішілік жарыстарға қатысады.