Астана полицейлері қауіпсіздікті күшейтіп жатыр
Қала периметрі бойынша 7 блокпост қойылды
Астанада полицейлер күшейтілген қызмет нұсқасына көшті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Елордада алдағы уақытта шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қалалық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті.
Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астархан кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпост қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады, – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністіктік таныту сұралады.