Halyq Uni логотип
×

Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған пәкістандықтар ұсталды

Олардың алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады

 Халық үні 31.10.2023 | 07:39
Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған пәкістандықтар ұсталды
Фото: DokOnline

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.

Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды.«Қонақтардың» алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама