Бірнеше өңірде мәслихат депутаты сайлауы өтті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақов мәслихат депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің ресми сайты.
29 қазанда еліміздің 11 өңірінде – Абай, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, СҚО облыстарында және Алматы қаласында мәслихат депутаты сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша «Елімай» футбол клубының қазіргі бас бапкері Самат Смақов Семей мәслихатының депутаты болып сайланды.
Айта кетейік, Самат Смақов бастаған семейлік «Елімай» футболдан Қазақстан бірінші лигасының осы маусымдағы чемпионы атанып, премьер-лигаға жолдама алды.