32 педофилге химиялық кастрация жасалды

Дәурен Ерболат

Шешімді сот қабылдайды

Фото: Sputnik

Биыл 32 педофилге химиялық кастрация жасалды, деп хабарлады Kazinform.kz.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, былтыр 30 педофилге химиялық кастрация жасалған.

Биыл қыркүйектің соңында 32 адам химиялық кастрациядан өтті. Химиялық кастрация – бір рет жасалатын процедура емес. Ол сот шешімімен тағайындалады және пациентке тестостерон деңгейін төмендету үшін ұзақ уақыт антиандрогенді препарат салынады, – деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметте.

Бұған дейін балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын жаңа шаралардың қолға алынатыны хабарланған еді.