Halyq Uni логотип
×

Күдікке ілінген Ұлттық музей басшылығы және Райымқұлованың «пікірі»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысы туралы пікірлер жазған

Күдікке ілінген Ұлттық музей басшылығы және Райымқұлованың «пікірі»
коллаж: Halyq Uni

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желілерде Ұлттық музей басшылығына қатысты пікір жазғанын жоққа шығарды.

Айтуынша, белгісіз азаматтар оның атынан пікірлер қалдырған.

«Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің басшылығына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысы туралы ақпаратқа байланысты интернет желісінде, әлеуметтік желілерде белгісіз азаматтар менің атымнан пікірлер қалдырғаны мәлім болды», - деді ол.

Сондай ақ интернеттегі бұл пікірлер мен ақпаратқа ешқандай қатысым жоқ екенін ресми түрде мәлімдегім келеді.

«Бұл жағдай менің іскерлік беделіме нұқсан келтірді. Авторды анықтау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына менің атымнан тиісті өтінім жолданды», - деп жазды Ақтоты Райымқұлова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама