Halyq Uni логотип
×

Павлодарда барда көз жұмған 23 жастағы жігіт өлімінің себебі белгілі болды

Жас жігіт әйелінің туысымен жанжалдасып, алған ауыр жарақатынан қайтыс болған

 Халық үні 30.10.2023 | 07:32
Павлодарда барда көз жұмған 23 жастағы жігіт өлімінің себебі белгілі болды
Фото: жеке мұрағаттан

Павлодарда барда көз жұмған 23 жастағы Әлішер Советханның өлімінің себебі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кешенді сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жас жігіт әйелінің туысымен жанжалдасып, алған ауыр жарақатынан қайтыс болған. Тергеушілердің айтуынша, ол оны ұрып-соғып, екінші қабаттан итеріп жіберген.

Бұл жәбірленушінің өліміне айыпталған 27 жастағы павлодарлық азаматқа қатысты сот процесі кезінде белгілі болды. Сот отырысында прокурор 2021 жылдың мамырында Павлодардағы түнгі барда болған қайғылы оқиғаның егжей-тегжейлері көрсетілген жаңа айыптау қорытындысын жариялады.

Құжатқа сәйкес, сотталушы мен жәбірленуші ортақ досының қызының дүниеге келуін тойлаған. Дастархан басында жастардың арасында жанжал туындап, екеуі сөйлесу үшін дәлізге шыққан.

«Сотталушы қасақана әрекет етіп, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті төндіріп, күш қолданған, бірақ өлтіру ойында болаған, жанжал негізінде оның басынан екі рет жұдырығымен ұрған. Соққының салдарынан бас сүйек миының ашық жарақатын келтірген», - делінген хабарламада.

Айыптау қорытындысына сәйкес, жәбірленуші қылмыскерден қашпақ болып, екінші қабатқа қарай жүгірген. Бірақ қылмыскер оны кеуде тұсынан жұдырықпен ұрып, есіктен итеріп жіберген кезде екінші қабаттан бірінші қабатқа құлап түскен. Нәтижесінде жас жігіттің басы, төменгі жақ сүйектері, сондай-ақ қабырғалары, жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, үшінші дәрежелі соққы алған.

«Жәбірленушінің өлімі бас сүйек миының ауыр жарақатының және Ковид инфекциясының салдарынан болған. Осылайша, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру: абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғу» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған», - деді прокурор.

Одан кейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыны қамауға алу туралы өтініш беріп, судья Әсемқоңыр Сайран оны қанағаттандырды. Сот шешімінен кейін осы уақытқа дейін бостандықта жүрген жас жігіттің қолына кісен салынып, сот залынан шығарылды.

Айта кетейік, айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа жіберілді. Алайда жәбірленушінің өлімінің шынайы себебін анықтау үшін биыл маусым айында сот Алматы сот сараптама институтында қосымша кешенді сот сараптамасын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл марқұмның сүйегін қайта эксгумациялауды талап етті. Ол қайтыс болғаннан кейін бір жылға жуық уақыт өткен соң және туыстарының рұқсатынсыз алғаш рет эксгумацияланғаны хабарланды.

Туыстары істі тергеудің кешіктірілгеніне бірнеше рет шағымданып, тергеушілердің бірі фактілерді жасырғаны үшін қызметінен шеттетілгенін, ал іс бойынша айыпталушылардың бірі жалған куәлік берді деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын санкциясы 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын 106-баптың 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілген болатын. Бірақ кейінірек іс қайта сараланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама