Halyq Uni логотип
×

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл іске полиция департаменті пікір білдірді

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
фото: sputnik.kz

«Немолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қоғам белсендісі өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 

«Менің үстімнен тағы да қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша іс қозғады. Бұл жолы Қызылорда облыстық полиция департаменті. Балаларды қорлау әрекеттері тақырыбын көтергеніме байланысты екенін түсініп тұрмын. Бұл аузымызды жабудың жаңа амалы ма?», — деп жазды ол.

Аталған ақпарат бойынша Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК 147-бабының 5-бөлігімен (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды», — делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама