Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз республиканың шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады
«Қазгидромет» РМК қазанның 30-ына ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз республиканың шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.