Halyq Uni логотип
×

«Кей адамның денесі бөлшектеніп кеткен»: Костенко шахтасындағы жағдай белгілі болды

Костенко шахтасында әлі марқұмдардың туыстары тараған жоқ

 Халық үні 29.10.2023 | 23:39
«Кей адамның денесі бөлшектеніп кеткен»: Костенко шахтасындағы жағдай белгілі болды
фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды шахтасындағы апат бойынша қаза тапқандар саны 45-ке жетті, бір кенші іздестіріліп жатыр. Костенко шахтасындағы апаттан кейінгі қазіргі ахуалды оқиға орнындағы «Азаттық» тілшісі Нұргүл Тапаева баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Костенко шахтасында әлі марқұмдардың туыстары тараған жоқ. Құтқару қызметі кейбір марқұмдардың денесі бөлшектеліп кеткенін, сондықтан әлі жинап жатқанын айтқан болатын. Әзірге қанша марқұмның денесі туыстарына берілгені туралы ақпарат айтылмады. Біз әлі де Костенко шахтасындамыз. Күндізгі уақытпен салыстырғанда кеншілердің туыстары азайған. Алайда әлі де отырғандар бар»,– дейді журналист.

 Еске сала кетейік, кеше, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында апат болып, кеншілер қаза тапқан болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барып, қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты. Олар Президентке жанайқайын жеткізді.

Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама