«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жаңа басшысы үндеу жасады
Инвестормен серіктестік тоқтайды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа басшысы Вадим Басин үндеу жариялады.
Кеше мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туған-туыстарымен кездескен кезде инвестормен серіктестік тоқтайтынын жариялады. Сонымен қатар, компанияның бүкіл ұжымына хабарланғаны – еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, ештеңе қысқармайды, алынып тасталмайды.
Сол шарттар қалады әрі, әлбетте, оларды жетілдіру істері қарастырылады. Бұл – компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуде керекті шарт. Сол себепті ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, команданың бірде-бір мүшесінің құқығы шектелмейді», – деді Вадим Басин.
Жаңа басшының айтуынша, көмір кендерінде ең басты назар қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ.