Полиция департаменті жүргізушілерге қазір дымқыл асфальттың қауіпті екенін ескертті
28 қазанда Ақтөбе қаласының «Сельмаш» ауданындағы көпірде ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 көлік соқтығысты.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полиция департаменті жүргізушілерге қазір дымқыл асфальттың қауіпті екенін ескертіп отыр. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар бетіне мұз қатқан. Бұл жағдайлар көліктердің тоқтау жолының ұзаруына ықпал етеді.
Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер көлік иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.