×

Елордада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір ашылды

Абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады

 Еркеғали Болатұлы 29.10.2023 | 13:09
фото: Астана қаласының әкімдігі

Жоспар бойынша 30 қазанда пайдалануға берілмек болған Астананың Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпірдегі қозғалыс бүгін ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Атап айтқанда, көпір – 8 жолақты. Яғни төртеуі – бір жағында, қалған төртеуі қарсы қозғалысқа арналған. Көпір үстінде сынақ 25 қазанда басталды. Сол сәтте кезең-кезеңімен арнайы техникалар (30 тонналық самосвалдар) жүргізілді.

Қазір бұл жаңа көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін тиісті көрсеткішті беретін сенсорлар орнатылған. Ал абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады.

Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мысалы, сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және басқа да қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама