Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры бюджеттің ірі мөлшердегі қаржысын ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Атырау қалалық №4 емхананың директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбады.
«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деді баспасөз қызметінен.