Костенко шахтасындағы жарылыстың себебі айтылды
Оның толқыны 2 шақырым жерге жетті
Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский брифинг барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жарылыс толқыны 2 шақырым жерге жетті. Шахтада тексеру жұмыстары 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Бұл ретте тиісті бақылау болмаған, - деді Геннадий Силинский.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болып, 33 кенші қаза тапты. Осыға байланысты президент апатқа кінәлі адамдарды жауапқа тартуды тапсырған болатын. Сондай-ақ ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны ел тарихындағы ең нашар компания екенін айтты.