Құтқарушылар өртті ауыздықтады
Соңғы дерекке сай, Костенко шахтасында 33 адам қаза болғаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шахтада 33 адам қаза болғаны анықталды. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский мәлімдеді.
Жалпы шахтадағы 33 адамды таптық. 13 кеншіні іздестіріп жатырмыз. Құтқарушылар ондағы өртті ауыздықтады. Зардап шеккендерді апат болған учаскеден шығарғаннан кейін, бар күш-жігерді шахтаның шығыс бөлігіндегі жұмыстарға бағыттаймыз, - деді Г.Силинский Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қаза болған шахтерлердің біразының аты-жөні әлі нақтыланбаған.
«Олардың дене мүшелеріне қатты зақым келген. Сондықтан нақты анықтау қиындау болып тұр», - деді филиал директоры.