Шахтадағы апат: бір сағаттың ішінде тағы 5 адамның мәйіті табылды
Жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 32-ге жетті
Костенко атындағы шахтада сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздестіру жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан ел тарихындағы ең нашар компания ретінде баға берген.