Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды
Қарағанды облысындағ ы Костенко атындағы апатқа байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметнің мәліметінше, өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді. Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіріп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы шахтадағы жарылыстан 7 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі ақпарат бойынша қаза тапқандардың саны 16-ға жеткен.
Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.