Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысындағы жарылыс: шахтадан 7 адамның мәйіті табылды

Оқиғаға қатысты жедел штаб құрылды

 Динара Амантай 28.10.2023 | 09:08
Қарағанды облысындағы жарылыс: шахтадан 7 адамның мәйіті табылды
Фото: Halyq Uni

Қарағанды ороблысында орналасқан Костенко атындағы шахтада жарылыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметнің мәліметінше, апат кезінде шахтада 252 адам болған. 205 кенші жер бетіне шығарылды. Сондай-ақ оқиға орнынан 7 кеншінің мәйіті табылды.

Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиғаға қатысты жедел штаб құрылды.

Кеніште Қарағанды облысының әкімі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы болған, делінген хабарламада.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70 ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама