Қар, жаңбыр, көктайғақ: 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық үні

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: mail.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 28 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамы бойынша, батыста, күндіз солтүстік-батыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде Атырау облысында жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста бұрқасын соғады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.