Шымкентте бір отбасының бес адамы қайтыс болды: себебі белгілі болды

Халық үні

Бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы қайтыс болды

Фото: Halyq Uni

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы «Казтрансгаз аймақ» компаниясы хабарлады.

Қайғылы оқиға 27 қазанда Ынтымақ ықшам ауданында болған. Бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.

«Оқиға болған жерге жеткен апаттық диспетчер қызметкерлері жылыту қазандығының беткі қақпақ жабындысы мен мұржаның жоқтығын анықтаған. Сондай-ақ автоматикаға қосылмай, тікелей жалғанған. Осының салдарынан үйдегі 5 адам газдан уланды деген қауіп бар», - дейді «Казтрансгаз аймақ» компаниясы Шымкент қаласы филиалы басшысының орынбасары Елдар Қуандықов.

Мамандар үй иесі газды заңсыз қосып алған дейді.

«Марқұмдар табылған үй биыл шілдеде газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаған үшін табиғи газдан ажыратылған. Яғни, кемшіліктер анықталған. Қазіргі күні сот сараптамасы жасалып жатыр», - дейді Елдар Қуандықов.