Halyq Uni логотип
×

«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады

 Халық үні 27.10.2023 | 19:33
«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
фото: Qazaqstan TV

«Қазгидромет» РМК 28-30 қазанға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді, көктайғақ, тұман болжанады, республиканың солтүстігінде 30 қазанда жаяу бұрқасын болады.

Температуралық фонға келетін болсақ, батыста, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында термометрлердің бағандары күндіз 3-15 жылы белгісіне жетеді, оңтүстік-батыста 12-20 жылы, солтүстік пен шығыста -2 аяз +8 жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 12-25 жылы күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама